Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Рекордтық көрсеткіш": Елімізде бір тәулікте 3130 адамнан КВИ анықталды

Опубликовано:

індет11
Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Елімізде коронавирус жұқтырғандардың рекордтық көрсеткіші тіркелді. Өткен тәулікте тағы 3130 адамнан COVID-19 инфекциясы анықталды деп хабарлайды coronavirus2020.kz/kz.

Аймақтар бойынша:

  • Нұр-Сұлтан қаласы - 798
  • Алматы қаласы - 491
  • Шымкент қаласы - 246
  • Ақмола облысы - 108
  • Ақтөбе облысы - 104
  • Алматы облысы - 118
  • Атырау облысы - 160
  • Шығыс Қазақстан облысы - 80
  • Жамбыл облысы - 43
  • Батыс Қазақстан облысы - 198
  • Қарағанды облысы - 325
  • Қостанай облысы - 53
  • Қызылорда облысы - 50
  • Маңғыстау облысы - 137
  • Павлодар облысы - 130
  • Солтүстік Қазақстан облысы - 40
  • Түркістан облысы - 49.

Жалпы ел бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 451 130-ға жетіп отыр.

Сонымен қатар, өткен тәулікте 2 087 адам індеттен жазылып шыққан.

Қазір елімізде 37 764 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 11 989 пациент стационарда, 25 775 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

770 адамның жағдайы ауыр, 161 пациенттің жағдайы өте ауыр деп бағалануда. 88 науқас өкпені жасанды желдтеу аппаратында жатыр.

Сондай-ақ, 10 шілдедегі жағдай бойынша үш қала мен 7 облыс коронавирустың таралу көрсеткіші бойынша "қызыл" аймақта тұр. Олар: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Маңғыстау және Павлодар облыстары.

Ал "сары" аймақта: Алматы, Жамбыл, Қостанай, Қызылорда және Солтүстік Қазақстан өңірлері болса, "жасыл" аймақта тек Түркістан және Шығыс Қазақстан облысы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1921765-3130-adam-elimizde-bir-taulikte-koronavirus-zuqtyrgandar-sany-kurt-osti/

pixel