Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкент-Алматы рейсінің бортында 9 жасар бала есінен танып, қайтыс болды

Опубликовано:

Самолет стоит в аэропорту
Иллюстративное фото: pexels.com

9 шілдеде Шымкент-Алматы бағытындағы КС 972 рейсінің бортына анасымен бірге 9 жасар бала кірген. Бұл туралы Air Astana әуекомпаниясы мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Авиакомпанияда хабарланғандай, ұшу кезінде бала өзін жайсыз сезінген. Экипаж оны оттегі баллонына қосып, бала соның арқасында 30 минут дем ала алған.

Алайда ұшақ қона бастаған кезде жас жолаушы есінен танып қалған. Әуе кемесін қондыру кезінде және одан кейін балаға жүрек-өкпе реанимациясы, сонымен қатар параллель дефибриллятор қолданылған.

"Әуежайға келгенде бала дәрігерлерге табысталып, бірақ, өкінішке қарай, оны құтқара алмаған. Аіг Astana баланың туған - туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады", - деп хабарлады әуе компаниясы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1921816-symkent-almaty-reisinin-bortynda-9-zasar-bala-esinen-tanyp-qaitys-boldy/

pixel