Қызылордада 17 жастағы жасөспірім қыз төрт күннен бері табылмай жатыр
Опубликовано:

Қызылордада 17 жастағы жасөспірім қыз төрт күннен бері табылмай жатыр деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Полицияға 7 шілдеде азанғы сағат 9.00 шамасында Қызылорда қаласы Амангелді көшесінің тұрғыны Азалия Мингатаеваның жоғалғандығы туралы арыз түсті. Ол 2004 жылдың 4 мамырында дүниеге келген.
”Ата-анасының айтуынша, 17 жастағы жасөспірім 6 шілдеде күндізгі уақытта үйінен шығып кетіп, содан қайта оралмаған. Ерекше белгілері: Бойы 160-165 см, арық денелі, шашы қара түсті. Киген киімдері: қызыл түсті футболка мен белдемше, ақ кросовка.
Жоғалған жасөспірім туралы қандай да бір ақпарат анықталған жағдайда Қызылорда облысы Полиция департаментіне, Қызылорда қалалық Полиция басқармасына шұғыл түрде хабарласуларыңызды сұраймыз. Байланыс нөмірлері: 8(7242) 29-70-10, 29-75-20, 29-75-07 және 102 арнасы”, - деп жазылған облыстық полиция департаменті таратқан хабарламада.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1921844-qyzylordada-17-zastagy-zasospirim-qyz-tort-kunnen-beri-tabylmai-zatyr/