Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Таразда мас күйінде төбелескендер камераға түсіп қалған

Опубликовано:

Төбелес
Көрнекі фото: Sputnik / Абзал Қалиев

Таразда ішіп алып төбелескен ер адамдар қалалық жедел басқару орталығының камерасына түсіп қалған деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бейне бақылау барысында Тараз қаласы Полиция басқармасының «102» жедел басқару орталығының кезекшісі таңғы сағат 07:00 шамасында екі ер адамның арасындағы төбелесті байқаған. Ұрыс-керіс кезінде жанжалға қатысушылардың бірі екіншісіне дене жарақатын салып, оқиға орнынан жасырынуға тырысқан.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлауынша, қақтығыс болған жерге дереу келген патрульдер оларды қолға түсірді. Белгілі болғандай, ер адамдар мас болған.

«Тараз қаласының 27 жастағы тұрғыны ізін суытпай ұсталды. Аталған дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 293-бабы 3-бөлігі (Бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды»,-делінген ведомтсво хабарламасында.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды, оның басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде. Тергеу амалдары жүріп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1921845-tarazda-mas-kuiinde-tobeleskender-kameraga-tusip-qalgan/

pixel