RU

Алматы облысының Ақши ауылында бұршақ жауып, бау-бақша мен үйлердің шатыры бүлінді

Бұршақ
Көрнекі фото: pixabay.com

Алматы облысының Ақши ауылында бұршақ жауып, бау-бақша мен үйлердің шатыры бүлінді деп хабарлайды Хабар 24.

Іле ауданына қарасты Ақши ауылында үлкендігі бөдененің жұмыртқасындай бұршақ жауды. Салдарынан аталған елді мекендегі біршама үйдің шатыры тесіліп, терезелері сынған.

”Баспанамыз бүлініп жатқанда, бау-бақшаның жайы қандай күйде екені біз айтпасақ та түсінікті болар. Енді табиғаттың тосын мінез танытуынан келген шығынды кім өтейді? Жергілікті атқарушы органдар тарапынан жедел түрде комиссия құрылып, бұршақтан келген залалды анықтауға кіріседі деген үміттеміз“, - дейді жергілікті тұрғындар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1921847-almaty-oblysynyn-aqsi-auylynda-bursaq-zauyp-bau-baqsa-men-uilerdin-satyry-bulindi/