RU

Коронавирус: Атырауда жансақтау бөлімінде 46 науқас жатыр

Сынамалар
Көрнекі фото: Amilcar Orfali/Getty Images

Атырауда коронавирус инфекциясын жұқтырып, жағдайы нашарлаған 46 науқас жансақтау бөлімінде жатыр деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұған дейін облыстық денсаулық сақтау басқармасы жансақтау бөлімінде 38 науқастың жатқанын хабарлаған болатын.

"Бүгін өңірдегі 2 428 төсек-орынға есептелген инфекциялық стационарларда 771 пациент ем қабылдау үшін оқшауланды. Стационарлардағы жүктеме – 31,7%. Ал, 103 орындық жансақтау бөлімінде 46 пациент жатыр. Науқастардың 4-еуі өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. Жансақтау бөліміндегі жүктеме 42%-ды құрайды", - деп мәлім етті басқарманың баспасөз қызметі.

Айта кетейік, бүгін Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны бойынша антирекорд орнады. Елімізде бір тәулікте 3695 адамнан қауіпті індет анықталды.

Сонымен қатар, өткен тәулікте республика бойынша 1857 адам қауіпті індеттен жазылып шыққан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1921876-koronavirus-atyrauda-zansaqtau-boliminde-46-nauqas-zatyr/