Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақмола облысында медқызметкер вакцинация төлқұжатын жасады деген күдікке ілінді

Опубликовано:

Екпе
Көрнекі сурет: NUR.KZ / Петр Карандашов

Ақмола облысында медицина қызметкерінің вакцинация туралы жалған төлқұжат беруге қатысы бар-жоғын анықтау үшін тексеріс жүргізілуде деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ҚазАқпарат.

Құзырлы органның мәліметінше, ағымдағы жылғы маусым айында полиция бөлімшесіне жергілікті медициналық мекеменің басшысына қатысты арыз түскен.

Онда аталған мекеменің медициналық қызметкері "Вакцинация" ақпараттық жүйесіне вакцинациядан өткендегі туралы жалған мәлімет енгізгені айтылған.

"Қазіргі кезде осыған байланысты Қылмыстық кодекстің 385 бабы (жалған құжат жасау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Іс бойынша тиісті тергеу және процессуалдық шаралар қолға алынды. Өзге мәліметтер тергеу мүддесі үшін жарияланбайды", - деді ведомстводан.

Еске салсақ, бұған дейін Нұр-Сұлтан қаласында, сондай-ақ Ақмола және Алматы облыстарында вакцинация төлқұжатын сатумен айналысқан медицина қызметкерлері ұсталған еді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің басшысы Марат Ахметжановтың айтуынша, олар іс жүзінде вакцина салдырмаған адамдарға құжаттар рәсімдеп, вакцинаны жойған.

Сонымен қатар, ішкі істер министрлігі қажыларға жалған вакцинация паспортын дайындаған туристік компанияны анықтаған болатын.

ІІМ дерегінше, қазір бұл факті бойынша, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, сот сараптамасы тағайындалған. Тінту шаралары барысында кеңсе техникасы, мөр, бланк алынған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1921891-aqmola-oblysynda-medqyzmetker-vakcinaciya-tolquzatyn-zasady-degen-kudikke-ilindi/

pixel