Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

COVID-19: Қостанайлық дәрігерлер өңір тұрғындарына үндеу жасады

Опубликовано:

Коронавирус
Көрнекі сурет: NUR.KZ / Петр Карандашов

Қостанай облыстық денсаулық сақтау басқармасы өңірде коронавирус жұқтырғандар санының күрт өсуіне байланысты жергілікті тұрғындарға үндеу жасады деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Коронавирус инфекциясын жұқтырғандар санының көбеюіне, облыстың "қызыл" аймаққа өтуіне байланысты Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы барлық қажетті карантиндік шараларды (дистинфикация, дезинфекция, гигиена, маска тағу) сақтауға шақырады. Өйткені, әр тұрғынның қатысуынсыз қажетті нәтижеге қол жеткізу қиын болмақ", - дейді ведомство.

Аймақтық ақпараттық штабның мәліметіне сүйенсек, 2021 жылдың 10 шілдесінде Қостанай облысында коронавирус жұқтырған 81 адам тіркелген, сырқаттанушылықтың өсу қарқыны тәулігіне 0,46% құрап отыр.

Елдімекендердегі дертті жұқтырғандардың саны келесідегідей:

  • Қостанай - 40;
  • Рудный - 16;
  • Арқалық - 13;
  • Жітіқара - 5;
  • Майлин және Қарабалық аудандарының әрқайсысында 2 жағдай;
  • Сарыкөл, Қарасу және Қостанай аудандарында 1 жағдай.

Коронавирус жұқтырғандар 81 адамның 65-і өз бетімен ауруханаға келсе, 11-і коронавирус инфекциясының расталуына байланысты жүгінген, 5-еуі алдын алу мақсатында анықталған. Науқастардың 71-інің ауру белгілері бар, 10-ы симптомсыз.

Ал 11 шілдедегі мәлімет бойынша аймақта 92 адамнан COVID-19 инфекциясы анықталып отыр.

Сондай-ақ, 48 адам індеттен жазылып шыққан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1921896-covid-19-qostanailyq-darigerler-onir-turgyndaryna-undeu-zasady/

pixel