Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан 37 адам қайтыс болды

Опубликовано:

аурухана төсегі
Көрнекі фото: pixabay.com

Денсаулық сақтау министрлігі telegram арнасында өткен тәулкте 37 адамның коронавирус пен COVID-19 белгілері бар пневмониядан көз жұмғанын хабарлады.

Ведомство ұсынған мәліметке сүйенсек, өткен тәулікте 3899 адамға коронавирус жұқтырған, 34 адам аурудың құрбаны болды. Сонымен қатар, өткен тәулікте 1 491 адам індеттен жазылған.

Одан бөлек, 40 адамнан COVID-19 белгілері бар пневмония анықталып, тағы үш адам көз жұмған. Сонымен бірге, 50 науқас ауруынан айыққан.

12 шілдедегі мәлімет бойынша 41 980 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, оның ішінде 13 568 пациент стационарда, 28 412 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

815 адамның жағдайы ауыр, 189 пациенттің жағдайы өте ауыр деп бағалануда, 126 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

Одан бөлек, үш қала мен сегіз облыс коронавирустың таралу көрсеткіші бойынша "қызыл" аймақта тұр. Олар: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қаласы мен Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау және Павлодар облыстары.

Ал Алматы, Жамбыл, Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстары "сары" аймақта болса, қалған екі өңір Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстары "жасыл аймақта".

Сондай-ақ, Қостанай облыстық денсаулық сақтау басқармасы өңірде коронавирус жұқтырғандар санының күрт өсуіне байланысты жергілікті тұрғындарға үндеу жасады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1921909-bir-taulikte-koronavirus-pen-pnevmoniyadan-37-adam-qaitys-boldy/

pixel