Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бақытты отбасы" бағдарламасы бойынша пәтер алып беремін деп алдаған әйел ұсталды

Опубликовано:

Тұтқындау14
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Шымкент қаласының тұрғыны алаяққа алданып, 600 мың теңгесінен айырылды деп хабарлайды Polisia.kz.

Белгілі болғандай 2021 жылдың 9 шілдесінде Қаратау аудандық полиция басқармасының 102 нөміріне Шымкент қаласының тұрғыны арызданған.

Ол өз арызында бейтаныс әйелдің "Бақытты отбасы" бағдарламасы бойынша кезектен тыс пәтер алып беремін деп алдағанын, осылайша 600 мың теңгесінен айырылғанын айтқан.

Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында жергілікті тұрғынды анықтап, полиция бөлімшесіне жеткізді.

Қазіргі уақытта қолға түскен әйелдің өзге де қылмыстарға қатыстылығы бар-жоғы анықталып жатыр.

Тергеу амалдары жүргізілуде.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Шымкентте "қызыл диплом" алып беремін деген алаяқ ұсталғанын жазған едік.

30 маусым күні әл-Фараби ауданы полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Ол белгісіз тұлға "қызыл диплом" алып беремін деп, 50000 теңге ақшасын алып, осы күнге дейін өз уәдесін орындамай жүргенін жеткізген.

Одан бөлек, Шымкентте 80 мың теңгеге әскери билет алып беремін деп тұрғынды алдаған алаяқ ұсталған болатын.

Арызданушының айтуынша, белгісіз адам "әскери билет" алып беремін деп, алаяқтық жолмен сеніміне кіріп, 80 мың теңге ақшасын өзінің есепшотына аударып алып, уәдесін орындамай, алған қаржысын кері қайтармай жүрген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1921944-baqytty-otbasy-bagdarlamasy-boiynsa-pater-alyp-beremin-dep-aldagan-aiel-ustaldy/

pixel