Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақмола облысында төтенше жағдай жариялануы мүмкін

Опубликовано:

Ыстықтап тұрған қыз
Көрнекі фото: pixabay.com

Ақмола облысының кей аудандарында аптап ыстыққа байланысты төтенше жағдай жариялануы ықтимал деп жазады Қазақпарат.

Басылым мәліметінше, "Nur Otan" партиясы Ақмола облыстық филиалы жанындағы аграрлық секторды дамыту жөніндегі қоғамдық кеңес мүшелері мұндай жағдайда не істеу керектігін талқылаған.

"Қазгидрометтің" Ақмола облысы бойынша филиалының деректері бойынша, мамыр-маусым айларында аудандар бойынша түскен жауын-шашынның орташа айлық мөлшері -13,1 және 19,1 мм құраған.

Бұл нормадан екі есе төмен (норма 33-35 мм).

Мамандар бұл дәнді және бұршақты дақылдар егістіктерінің жағдайына әсер еткенін жасырған жоқ.

Кейбір аудандарда жауын-шашын тіптен жаумады, дейді олар.

Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Еркеш Әленов 2021 жылғы 8 шілдедегі жағдай бойынша 1,8 миллион гектар жер, яғни 40 пайыз аумақ жақсы жағдайда, 2,5 миллион гектар жер, яғни 55 пайыз аумақ қанағаттанарлық, 228,1 мың гектар жер, яғни 5 пайыз аумақ нашар жағдайда екенін жеткізлі.

Оның сөзінше, Ерейментау, Қорғалжын, Атбасар, Жақсы және Есіл аудандарында жағдай алаңдатарлық.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1921979-aqmola-oblysynda-totense-zagdai-zariyalanuy-mumkin/

pixel