Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өскемен қаласы әкімдігі қызметкерінің мас күйде көлік тізгіндегені видеоға түсіп қалды

Опубликовано:

Видеодағы кадр
Видеодағы кадр: instagram.com/road_control_kz

Әлеуметтік желілерде Өскемен қаласы әкімінің аппарат қызметкері Индира Қалжабаеваның жылжымалы вакцинация пунктінің жанында аяғына нық тұрмағаны көрсетілген видео тарап жатыр. Оқиға орнына қызметкер көлік жүргізіп келгені және мас күйінде болғаны көрсетілген. Жағдайға қалалық әкімдікте және ШҚО ПД-де түсініктеме берілді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бейнежазбаға жазылған пікірлерде әкімдік қызметкері оқиға орнына қоғамдық белсенділердің адамдарды автобусқа кіргізбей жатқанын байқап, себебін білуге ​​тырысқаннан кейін келгені айтылады.

Оқиға жексенбі, 11 шілдеде болған. Мемлекеттік қызметкердің осындай күйде көлік жүргізіп жатқанын көріп, адамдар полиция шақырды.

Жағдайға ШҚО полиция бөлімінде түсініктеме берілді. Мұнда 54 жастағы әйел жүргізуші мас күйінде Hyundai Accent көлігін басқарғаны үшін тоқтатылғаны туралы хабарланды.

"Бұл факт бойынша жүргізушіге қатысты әкімшілік кодекстің 608-бабы, 1-бөлігі бойынша хаттама жасалды. Сонымен қатар, Өскемен қаласының полиция қызметкерлері видеоға түскендерге қатысты маска режимін бұзғаны туралы материал жинады. Материалдар тиісті шешім қабылдау үшін Өскемен қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау органдарына жіберіледі", – деді ведомствода.

Бұл оқиғаны Өскемен қаласының әкімдігі де растады. Бұл жерде шенеуніктің жұмыстан шеттетілгені туралы айтылды.

"11 шілдеде қала әкімі аппаратының қызметкері Қалжабаева Индира Гадылшиновнаның қатысуымен болған оқиғаға байланысты келесіні түсіндіреміз. Қазіргі уақытта полиция көлікті мас күйінде басқару фактісі бойынша әкімшілік іс қозғады. Полиция бөлімінен материалдар түскеннен кейін қала әкімдігі де оқиғаға қатысты және мемлекеттік қызметшінің әдеп нормаларын сақтау туралы қызметтік тергеу бастайды", – деп хабарлады қалалық әкімдікте.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1921987-oskemen-qalasy-akimdigi-qyzmetkerinin-mas-kuide-kolik-tizgindegeni-videoga-tusip-qaldy/

pixel