Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте екі жүз адам қатысқан ұзату той тоқтатылды

Опубликовано:

кадр
Фото: Polisia.kz

Шымкент қаласының полиция қызметкерлері карантин шектеулеріне бағынбаған мейрамхананы анықтады деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент қалалық полиция департаменті ұсынған ақпаратқа сәйкес, Әл-Фараби ауданы полиция басқармасының қызметкерлері карантин талаптарының сақталуын бақылау мақсатында күнделікті рейдтік іс-шара жүргізуде.

Тәртіп сақшылары 2021 жылдың 10 шілдесінде сағат 14:04-те Шымкент қаласында орналасқан “Шымкент холл” мейрамханасы карантиндік шектеулерді бұзып, келушілерді қабылдап жатқанын анықтаған.

Ведомство қызметкерлер мен даяшылар ғимарат ішінде бір реттік бетпердені тақпай қызмет көрсеткенін хабарлады.

Сонымен қатар 200 адамға арналған “Қыз ұзату” тойын өткізіп жатқаны белгілі болды.

Аталған жайт бойынша карантин талаптарын сақтамай, жұмысын жалғастырған мейрамхана әкімшісінен түсініктеме алынды.

Жинақталған іс-құжаттар шара қолдану үшін Қазақстан Республикасы әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 425-бабы ("Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу) бойынша Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1921999-symkentte-eki-zuz-adam-qatysqan-uzatu-toi-toqtatyldy/

pixel