Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жандарбек Бекшин коронавирустың екі штамын жұқтыру мүмкіндігі туралы айтты

Опубликовано:

Бекшин
Фото: inbusiness.kz

Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин онлайн брифинг барысында коронавирустың екі штамын бір уақытта жұқтыру мүмкін бе деген сауалға жауап берді деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Әрине, теориялық тұрғыдан бұл мүмкін, бірақ мұны анықтау үшін арнайы зерттеулер жүргізу қажет. Біз Алматы қаласы мен басқа аймақтарда 150-ге жуық зерттеу жүргіздік, бірақ мұндай жағдай тіркеген жоқ. Бір жасушадағы екі патоген. Теориялық тұрғыдан бұл мүмкін», - деді Жандарбек Бекшин.

Одан бөлек, Жандарбек Бекшин эпидемиологиялық ахуал нашарлап бара жатқанын да айтқан еді.

«Алматы қаласында COVID-19 бойынша эпидемиологиялық жағдай шиелініскен. Дельта нұсқасына байланысты коронавирус ауруының айтарлықтай өсуі жалғасуда. Альфа нұсқасынан немесе «Британдық штамм» деп аталатын жағдайдан туындаған күнделікті сырқаттанушылық 65 – тен 110 жағдайға дейін төмендеген болса, осы жылдың маусым айының 3 аптасынан бастап қазіргі уақытқа дейін біз дельта нұсқасынан немесе «үнді штамынан» туындаған тәуліктік сырқаттанушылықтың 600-ден астам жағдайын байқап отырмыз соңғы тәулікте коронавирус 638 адамнан анықталды»,- деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1922076-zandarbek-beksin-koronavirustyn-eki-stamyn-zuqtyru-mumkindigi-turaly-aitty/

pixel