Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтанда түнгі клуб маңында жаппай төбелес орын алды (видео)

Опубликовано:

Елордадағы жаппай төбелес
Видеодан кадр: Нұр-Сұлтан ПД баспасөз қызметі

Елордада жаппай төбелес орын алды. Өзара келісе алмаған бір топ жігіттердің қақтығысы полицейлердің камерасына түсіп қалған деп хабарланды Нұр-Сұлтан ПД ресми Instagram парақшасында.

Оқиға Қабанбай батыр даңғылында орналасқан "BaoBao" клубының жанында орын алған. Оқиға орнына барған полиция қызметкерлері төбелеске қатысқандардың барлығын ұстап, Есіл аудандық полиция бөліміне жеткізді.

Тәртіп сақшыларының мәліметінше, жігіттер өзара сөзге келісе алмай соңы төбелеспен аяқталған. Ұсталғандардың бәрі алкогольдік ішімдік ішкен.

Қоғамдық тәртіп бұзушыларға қатысты 440-бапқа сәйкес ("қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдік ішу") әкімшілік өндіріс қозғалды. Төбелес фактісі бойынша қылмыстық кодекстің 293-бабы ("бұзақылық") бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жұмыстары басталып кетті. 

Оған қоса, мекеме иесі де жазаланды. Ол карантин режимін бұзғаны үшін әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 425-бабына сәйкес ("халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу") жауапқа тартылады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1922080-nur-sultanda-tungi-klub-manynda-zappai-tobeles-oryn-aldy-video/

pixel