Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

30 адам көз жұмды: Иракта COVID-19-ға шалдыққандар жатқан аурухана өртенді

Опубликовано:

Өрт
Көрнекі сурет: pixabay.com

Иракта коронавирусқа шалдыққан науқастарға арналған ауруханада болған өрттен кем дегенде 30 адам қаза тапты деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қайғылы жағдай Ирактың Дхи-Кар провинциясындағы Насирия қаласында болған. Ауруханадан шыққан өрттен 30-дан астам адам көз жұмғаны белгілі болып отыр. Тағы 70 науқас өрттен құтқарылған деп хабарлайды Al Arabiya телеарнасы.

Алдын ала ақпаратқа сәйкес, Имам Хуссейн ауруханасында өрттің шығуына оттегі баллонының жарылуы себеп болуы мүмкін.

Айта кетсек, бұл Иракта коронавирус жұқтырған науқастарға арналған медициналық мекемеде орын алған алғашқы оқиға емес. 24 сәуірде Бағдадтағы Ибн әл-Хатиб ауруханасындағы өрттің салдарынан 82 адам қаза тауып, кем дегенде 110 адам жарақат алған еді.

Еске салсақ, бұған дейін 40 мың гектар жерді шарпыған Ұлытаудағы алапат дала өрті ауыздықталғаны туралы жазған едік.

28000 гектар алаңда құрғақ шөп өртенгені белгілі болып отыр. Жалын жетінші шілде күні 18:10-да ауыздықталып, сегізінші шілдеде 21:00-де толықтай өшірілді. Өртті сөндіруге барлығы 540 адам мен 70 бірлік техника жұмылдырылды.

Одан бөлек, Қарағанды облысы Ұлытау ауданы Қоскөл ауылының 23 жастағы тұрғыны Бейбарыс Ескендір дала өртін сөндіру кезінде қайтыс болғаны туралы жазған едік. Туған ауылына қауіп төнгенде басын қатерге тіккен жігіт тілсіз жауды ауыздықтауға атсалыспақ болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1922099-30-adam-koz-zumdy-irakta-covid-19-ga-saldyqqandar-zatqan-auruxana-ortendi/

pixel