Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бәрі бетперде киген": Алматы облысында кәсіпкерді тонап кетті

Опубликовано:

Ер адам
Көрнекі фото: piqsels.com

Алматы облысының кәсіпкері өзіне жасалған қарақшылық туралы полицияға хабарлаған. Бұл туралы Polisia.kz хабарлайды.

Тонаудың құрбаны 58 жастағы жергілікті тұрғын болды. Жәбірленушінің айтуынша, шабуылдаушылардың барлығы бетперде киген.

"Жәбірленушінің айтуынша, бетперде киген қарақшылар оның қол-аяғын байлап, ақша мен телефондарды ұрлап кеткен. Келтірілген материалдық шығынның жалпы сомасы 1 миллионнан астам теңгені құрады. Бұл факт сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде қылмыстық істің 192-бабы 3-бөлігі (Тонау) бойынша тіркелген", – делінген полиция хабарламасында.

Тәртіп сақшылары жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп, оның барысында үш күдіктіні – 39, 47 және 54 жастағы Алматы облысының тұрғындарын ұстады.

Тергеу мәліметтері бойынша, ұсталғандар жәбірленушінің мүлкін ұрлау мақсатында шабуыл жасауға алдын ала сөз байласып алған. Тергеу аяқталғанға дейін ұсталғандардың екеуі бұлтартпау шарасы ретінде қамауда болды. Үшіншісі оған қатысты бұлтартпау шарасы таңдалғанға дейін изоляторда болады.

"Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес басқа ақпарат жария етілмейді", – деп хабарлады ішкі істер министрлігінде.

Еске салсақ, Түркістан облысында ер адам түнде сауда орталығына кіріп, күзетшіні дәретханаға қамап, құны 23 млн теңге болатын заттарды алып еткен болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1922108-almaty-oblysynda-kasipkerdi-tonap-ketti/

pixel