Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Коронавирус: Қазақстанның тағы бір өңірі "қызыл" аймаққа өтті

Опубликовано:

індет
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының ресми сайты ел өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жария етті. Оған сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы "қызыл" аймаққа өтті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

13 шілдедегі жағдай бойынша, Солтүстік Қазақстан облысынан бөлек "қызыл" аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар облыстары тұр.

"Сары" аймақта Алматы, Жамбыл және Қызылорда облыстары орналасқан.

Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстары "жасыл" аймақта.

Еске салайық, осыған дейін Нұр-Сұлтанда коронавирус инфекциясын жұқтырып, ауырып жатқандардың көбеюіне байланысты қосымша екі стационар инфекциялық аурухана ретінде өзгертілгенін жазған едік.

Одан бөлек, Алматы қаласында коронавирус жұқтырғандар саны екі есеге өскенін де хабарлағанбыз.

Дәлірек айтсақ, өткен аптада оңтүстік астанада коронавирус жұқтыру деңгейі 1,7 есеге өскен. Тәуліктік өсім 0,3 пайызды құрап отыр.

Бүгінде Алматыда инфекциялық стационарларда 1131 адам (80 бала) емделуде, оның 33-інің жағдайы өте ауыр, 256-сы ауыр, 842-сі орташа ауыр деп бағалануда. Реанимация мен интенсивті терапия бөлімдерінде 102 пациент жатыр. Жасанды тыныс алу аппаратында - 19, инвазивті емес тыныс алу аппаратында - 34, High flow аппаратындағылар - 22.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1922117-koronavirus-qazaqstannyn-tagy-bir-oniri-qyzyl-aimaqqa-otti/

pixel