Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өскеменде басы дауға қалған шенеунік қамауға алынды

Опубликовано:

Видеодағы кадр
Видеодағы кадр: instagram.com/road_control_kz

12 шілдеде мас күйінде көлік жүргізгені үшін Өскемен қаласы әкімі аппаратының қызметкері Индира Қалжабаеваға қатысты әкімшілік іс қаралды деп хабарлайды YK-news.kz.

Сотта 11 шілдеде қала әкімдігінің қызметкері мас күйінде көлік жүргізгені анықталды. Бұл факт сараптамамен расталды, ал шенеуніктің өзі оны жоққа шығармады.

Сот қаулысымен ол 15 тәулікке қамауға алынды, сондай-ақ көлік құралын басқару құқығынан 7 жылға айырылды. Қаулы әлі заңды күшіне енген жоқ.

Еске салайық, әлеуметтік желілерде Өскемен қаласы әкімі аппаратының қызметкері Индира Қалжабаева түсірілген видео жарияланған болатын.

Мемлекеттік қызметкер жексенбі күні, 11 шілдеде жылжымалы вакцинация пунктіне барған. Жиналғандар әйелдің мас күйінде көлік жүргізгенін байқады.

Полиция 54 жастағы әкімдік қызметкеріне хаттама жасалғанын хабарлады.

Бұл оқиғаға қатысты Өскемен қаласының әкімдігі түсініктеме берген еді. Бұл жерде шенеуніктің жұмыстан шеттетілгені туралы айтылды.

"11 шілдеде қала әкімі аппаратының қызметкері Қалжабаева Индира Гадылшиновнаның қатысуымен болған оқиғаға байланысты келесіні түсіндіреміз. Қазіргі уақытта полиция көлікті мас күйінде басқару фактісі бойынша әкімшілік іс қозғады. Полиция бөлімінен материалдар түскеннен кейін қала әкімдігі де оқиғаға қатысты және мемлекеттік қызметшінің әдеп нормаларын сақтау туралы қызметтік тергеу бастайды", – деп хабарлады қалалық әкімдікте.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1922133-oskemende-basy-dauga-qalgan-seneunik-qamauga-alyndy/

pixel