RU

Семейде ойнап жүрген балалар гараждан граната тауып алды

Граната Ф-1
Фото: soldat.pro

Семейде гараждардың бірінен граната табылды. Қауіпті затты далада ойнап жүрген балалар тауып алған. Салдарынан 36 адам қауіпсіз жерге көшірілді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Экспресс К" басылымына сілтеме жасап.

"Алтайньюс" басылымының жазған деректеріне сәйкес, 11 шілде күні Семей қаласындағы гараждардың бірінен гараната тәркіленген.

"11 шілде күні Семей қаласындағы Затон полиция бөлімшесіне қала тұрғыны жүгініп, Силина көшесіндегі гараждардың жанында гранатаға ұқсас металл зат жатқанын хабарлады.

Оқиға орнына жедел түрде полиция қызметкерлері келіп, тиісті сараптамалар жүргізу мақсатында ол затты тәркіледі.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, оқиғаның мән-жайы анықтауда", - деп хабарлады Семей қалалық ПБ баспасөз қызметі.

Қаланың ТЖ басқармасындағылардың айтуынша, полиция 36 адамды, оның ішінде 11 баланы қауіпсіз жерге көшірген. Алдын ала болжам бойынша, Ф-1 гранатасын балалар ойнап жүріп, сағат 20.05-те тауып алған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1922137-semeide-oinap-zurgen-balalar-garazdan-granata-tauyp-aldy/