Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бас мүфти Құрбан айт қарсаңында үндеу жасады

Опубликовано:

Наурызбай қажы Тағанұлы
Фото: muftyat.kz

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Құрбан айт қарсаңында кәсіпкерлерге үндеу жасады деп хабарлайды muftyat.kz.

Бас мүфти Құрбан айтта орындалатын негізгі ізгі амалдың бірі – құрбан шалу екенін еске түсірді.

"Айт күндері халық тарапынан мал сатып алуға деген сұраныстың арта түсетіні белгілі. Осы ретте еліміздегі барша шаруа қожалықтарының қожайындарын ұлық мейрам – Құрбан айттың құрметіне мал құнын шарықтатпай, халыққа оңтайлы бағаны ұсынуға шақырамын. Сонымен қатар, барша кәсіпкерлерді тұрғындар күнде тұтынатын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасына мүмкіндігінше жеңілдік жасауға үндеймін.

Құрбан айттың негізгі мәні мұсылмандар арасында өзара мейірімділік, жомарттық, қайырымдылық, қанағат сынды адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру. Алланың рақым нұры төгілетін құрбан айтта жұртымызға жақсылық жасап, көпшіліктің ризашылығына бөленейік", - деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Сонымен қатар, ол Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қуаңшылықтан зардап шеккен өңірлердегі шаруаларға қолдау көрсету мақсатында "Қиындықта ел бірге" атты қайырымдылық акциясын бастағанын сөз етті.

Акция аясында Қызылорда, Маңғыстау облыстарына жем-шөп жөнелтілетін болады.

"Осы игі іске үлес қосып, сынақты сәттерді бастан кешіп отырған отандастарымызға қол үшын созуға шақырамын", - деді Наурызбай қажы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1922154-bas-mufti-qurban-ait-qarsanynda-undeu-zasady/

pixel