Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Төрт баламен жалғыз қалдым": Елорда түбіндегі ауылда тұратын ана 25 мыңға күн көруге мәжбүр

Опубликовано:

Фото
Фото: Снежана Таранущенконың жеке мұрағаты

Ақмола облысы Ақкөл қаласында тұратын Снежана Таранущенко төрт баласымен бірге ай сайын 25 мың теңгеге күн көруге мәжбүр. 32 жастағы жалғызбасты ана балаларын асырап, бағу үшін елден көмек сұрап отыр. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарайлайды.

Ақкөлдік Снежана Таранущенконың төрт баласы бар. Көпбалалы ананың тұңғышының жасы 13-те болса, одан кейінгі қызы – 10-да, үшінші ұлының жасы – 7-де, кенжесі небары 4 айлық,

"Төрт баламен далада қалдым, қазір времянка жалдап тұрамыз. Жалпы өмірге өкпелегенді ұнатпайтын адаммын, тек баспана мәселесі шешілсе болғаны. Қазір ай сайын 25 мың теңге жәрдемақы аламын, оның 10 мыңын осы времянка үйге беремін. Бұл үйде тек бір диван мен креслодан басқа ештеңе жоқ", - дейді төрт баланың анасы.

Жалғызбасты анаға көмек беруді жергілікті кәсіпкер, волонтер Игорь Ильин қолға алған. Оның айтуынша, төрт балаға үйде түк жағдай жасалмаған.

"Снежананың үйіне барғанда, олардың жағдайының мәз емес екеніне көзім жетті. Үйде тоңазытқыш, теледидар және тағы да басқа күнделікті тұрмысқа қажет заттардың ешқайсысы атымен жоқ. Тіпті қол жуғыш та жоқ. Бәрі сол бір диванның үстінде ұйықтайды, Снежана балаларымен ет пен сүт өнімдерін алудан да қалған. Үйде тоңазытқыш болмағандықтан, жаз кезінде мұндай өнімдер тез бұзылып кетеді", - дейді волонтер.

Игорь Ильин, сондай-ақ, төрт балалы ананың қазіргі тұрып жатқан үйі қысқа жарамсыз екенін айтады. Ер адам жанашыр, жомарт жандар жалғызбасты төрт балалы анаға көмек көрсетсе екен дейді.

Снежана Таранущенкоға көмек қолын созамын деушілер кәсіпкер-волонтер Игорем Ильинге, келесі телефон номері арқылы хабарласа алады: +7 708 963 27 47

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1922155-tort-balamen-zalgyz-qaldym-elorda-tubindegi-auylda-turatyn-ana-25-mynga-kun-koruge-mazbur/

pixel