Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ҰҚК арнайы операция жүргізді: Қылмыстық топ мүшелері ұсталды

Опубликовано:

Ұстау сәті
Фото: ҚР ҰҚК

8 шілдеде ҰҚК Алматы облысы бойынша департаменті Шекара қызметінің Алматы облысы бойынша департаментімен бірлесіп, киік мүйіздерін заңсыз өндіру және Қазақстаннан Қытайға контрабанда арнасын ұйымдастыруға қатысы бар қылмыстық топтың құқыққа қарсы әрекетінің жолын кесу бойынша арнайы операция жүргізді.

Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ресми сайтында хабарланды.

Дериваттардың ірі партиясын шетелге шығаруды ұйымдастырмақшы болған қылмыстық схеманың ұйымдастырушысы мен қатысушылары ұсталды.

Жалпы салмағы 700 килограмм болатын 3144 киік мүйізі тәркіленді.

Мүйіздер
Фото: ҚР ҰҚК

Браконьерлік әрекет нәтижесінде Қазақстандағы киік популяциясына айтарлықтай зиян келтірілді, қазіргі уақытта олардың саны шамамен 800 мың басты құрайды.

Қылмыстық кодекстің 339-бабының 2-бөлігі ("киікті заңсыз қолға түсіру, жою, сол сияқты заңсыз қолға түсірілген киікті немесе оның дериваттарын, оның ішінде мүйіздерін иемдену, сақтау, өткізу, әкелу, әкету, жөнелту, тасымалдау") бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде құқыққа қарсы әрекеттің өзге де қатысушыларын анықтау, фигуранттарда киік мүйіздерінің қосымша партияларының бар болуы бойынша тергеу және жедел іс-шаралар кешені жүргізілуде.

Еске сала кетейік, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматы қаласында трансұлттық қылмыстық тобының көмекшісін ұстады.

Қылмыстық ортаның "беделдісінен" жалған 400 мың АҚШ доллары тәркіленген. Сонымен қатар, ер адамға ақтөбелік кәсіпкерден автокөлік пен жер учаскесін заңсыз тартып алу фактісі бойынша айып тағылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1922160-uqk-arnaiy-operaciya-zurgizdi-qylmystyq-top-uiymdastyrusysy-men-museleri-ustaldy/

pixel