RU

Ақсулық әйелді екі баласымен азаптап өлтірді деген күдікпен қала тұрғыны қолға түсті

Фото
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Ақсу қаласында екі баласымен бірге әйелді өлтірді деген күдікке ілінген азамат ұсталды деп хабарлайды zakon.kz.

Павлодар облыстық полиция департаменті таратқан ақпаратқа сәйкес, айғақ заттар мен қылмыс құралы тәркіленген. Күдікті әйелді білетін болып шықты.

"2021 жылы 11 шілдеде сағат 3:00 шамасында әйел мен ер азамат арадағы қарым-қатынастарын ашып алу үшін сөйлескен, тілдесу кезінде арада жанжал туындап, 36 жастағы қала тұрғыны 35 жастағы әйелге бірнеше рет пышақ жарақатын салған. Қатты дауыстан оянып кеткен балаларға да күдікті бірнеше рет пышақ жарақаттарын салды", - деді ведомство.

Күдікті Ақсу қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сотқа дейінгі тергеу Қылмыстық кодекстің 99-бабы, 2-бөлігі, 1-тармағы және 99-бабы, 3-бөлігі бойынша жүргізілмек.

Еске сала кетсек, осыған дейін Павлодар облысы Ақсу қаласында жас әйел мен оның 5 және 7 жастағы екі баласын өлтірген қылмыскерлер іздестіріліп жатқанын жазған едік.

Үш адамның мәйіті 12 шілдеде сағат 11:40-та Әуезов көшесіндегі үйлердің бірінен табылған.

Оқиға орнында облыстық полиция департаменті мен прокуратураның мамандары жұмыс істеп жатқаны белгілі болды.

Мәйіттердің үшеуінен де азаптаудың белгілері, пышақ жарақаттары бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1922167-aqsuda-aieldi-kiskentai-eki-balasymen-azaptap-oltirdi-kudikti-qolga-tusti/