RU

Дәлізде күтуге мәжбүр: Депутат елорда перзентханаларында орын тапшы екенін айтты

Аурухана
Фото: Алматы ДСБ баспасөз қызметі

Елде денсаулық көрсеткіштері күрт нашарлады. Дәлірек айтсақ, Қазақстанда ана өлімі үштен бірге, жүрек ауруынан болатын өлім-жітім 40% - ға артқан. Бұған жабдықтың, әсіресе реанимация және жедел жәрдем бөлімшелерінің төмен деңгейі ықпал етеді деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.

"Nur Otan" партиясы жанынан құрылған денсаулық сақтау жөніндегі қалалық кеңес мүшелері, саладағы түйіткілдерді талқылады. Басқосуда бас шаһардағы перзентханаларда болып жатқан орын тапшылығы да сөз болды.

Тіпті, кейбір науқастар дәлізде отырып күтуге мәжбүр. Кеңес мүшелері, короновирусқа қарсы күреспен шектелмей басқа да өзекті проблемаларды шешудің тиімді алгоритімін әзірлеуді ұсынды.

"Денсаулық сақтау басқармасының нақты жүйеленген әдісі жоқ. Сіздер айтып жатқан ескертпелерді Жол картасынан алып тастай салу мүмкін емес. Бұл карта қаншама зерттеуден өтіп, қабылданған. Сондықтан, оны жүйелі орындау үшін мақсатты жоспарлар әзірлеу қажет", - деді "Nur Otan" партиясы Нұр-Сұлтан қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Сақтаған Сәдуақасов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1922180-dalizde-kutuge-mazbur-deputat-elorda-perzentxanalarynda-oryn-tapsy-ekenin-aitty/