Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бір отбасыдан 6 адам көз жұмып, 2 бала іздестірілуде: Қырғызстанда сел жүрді (видео)

Опубликовано:

Сел
Фото: Елдің ТЖД баспасөз қызметі

Қырғызстанның ауылдық аймақтарында сел жүріп өтті. Салдарынан алты адам көз жұмып, тасқынға тап болған тағы екі бала іздестірілуде деп хабарлайды Sputnik Қырғызстан.

12 шілде күні, шамамен сағат 18:00-де жаңбыр жауып, үйлердің аулалары мен Жаңа-Жол ауылындағы жайылымға апаратын жолды су басты. Ақ-Жол және Жолборсту ауылдарында селден жолдар мен көпірлер қирады.

Қайғылы оқиға Жолборсту ауылында тіркеліп отыр. Сел шатыр тігіп, демалуға шыққан жеті адамды алып кеткен - ондағы алты адамның бір отбасының мүшелері екені анықталып отыр, деп хабарлады Ақ-Жол ауылының басшысы Тологон Сұлтанмұратов Sputnik Қырғызстанға.

Оның айтуынша, сел алты адамның өмірін қиған, тағы екеуі (балалар) іздестірілуде.

"Қайғылы жағдай Жолборсту ауылында болды, қайтыс болған азаматтар шатырда болды: 63 жастағы әйел, оның 40 жастағы қызы және 16, 12, 7 және 3 жасар немерелері. Одан бөлек 12 жасар бала отбасына қонаққа келгені анықталып отыр. Барлығын сел алып кетті. Таштак ауылында сел бес жасар баланы алып кетті", - деді Сұлтанмұратов.

Елдің Төтенше жағдайлар министрлігі ақпаратты растады. Екі баланы (3 және 5 жасар) іздестіру жұмыстары жалғасуда.

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров министрлер кабинетіне Жалал-Абад облысының Ақсы ауданындағы селдің салдарын жою үшін барлық қажетті шараларды тезірек қабылдауды тапсырды, деп хабарлады мемлекет басшысының баспасөз қызметі.

Сонымен қатар табиғи апаттан зардап шеккен тұрғындарға көмек көрсету тапсырылды.

"Мемлекет басшысы қаза тапқандардың отбасыларына және жарақат алғандарға көңіл айтты. Ол бүкіл ел осы табиғи апат салдарынан жақындарынан айрылғандардың қайғысына ортақ текенін және зардап шеккендердің тезірек сауығып кететініне үміттенетінін атап өтті", - делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1922184-bir-otbasydan-6-adam-koz-zumyp-2-bala-izdestirilude-qyrgyzstanda-sel-zurdi-video/

pixel