Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Индерде екі адамды тоқ соғып, қаза болды

Опубликовано:

Тоқ
Көрнекі фото: Хабар 24

11 шілдеде Индербор кентінде екі қайғылы болды. Бейресми ақпарат бойынша екі жағдай да тоқтан болған деп хабарлайды "Алтайньюс" басылымы.

61 жастағы әйел өз моншасында қаза болса, 28 жастағы жігіт кондиционердің қуысына қойып кеткен үйдің кілтін алар кезде (үйден шығарда кілтін сол жерге қойып кететін болған) жан тапсырған.

Еске салайық, 19 маусымда Алматыда қазақ мемлекеттік циркінің жанындағы субұрқақта екі кәмелетке толмаған қыз бен бір ересек адам электр тоғынан зардап шеккен болатын.

Кейінірек, Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы зардап шеккендердің денсаулығына қатысты пікір білдіріп, қыздардың анасы ауыр жағдайда екенін хабарлады.

Оқиғаға қатысты Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевта пікір білдіріп, мұндай жағдай болмауы керек екенін айтты.

Одан бөлек, субұрқаққа жауапты Eco Almaty ЖШС-нің басшысы Жанна Асанова пікір білдірді. Ол субұрқақ жанында "шомылуға болмайды" деп жазылғанын атап өтті.

Тоқ соққан жандарды Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің 2-курс студенті Абылай Балапанов құтқарып қалды. Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильиннің бұйрығымен ол адамдарды құтқарудағы батылдығы үшін “Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін” төсбелгісімен марапатталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1922185-inderde-eki-adamdy-toq-sogyp-qaza-boldy/

pixel