Елордада балалар арбасын қолды қылған жас келіншектің әрекеті әшкере болды

Опубликовано:

Фото
Фото: pixabay.com

Елордада тұрғын үйлердің біріндегі подъезден балалар арбасын ұрлап әкеткен тұрғын видеоға түсіп қалды деп жазады Қазақпарат.

Басылымның мәліметінше, Сарыарқа аудандық полиция басқармасына жүгінген әйел кіреберістегі баспалдақ астында тұрған, құны 45 мың теңге болатын балалар арбасының қолды болғанын айтқан.

Тұрғынның арызынан кейін полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын өткізіп, нәтижесінде күдікті әйел анықталып, ұсталған.

Ол 27 жастағы келіншек болып шыққан.

Белгілі болғандай күдікті үйдің жанынан өтіп бара жатқанда кіреберістің ашық тұрған есігінен баспалдақтың астындағы балалар арбалары мен велосипедтерді көрген екен.

Сөйтіп мүмкіндікті пайдаланып, арбалардың бірін баласына ұрлап әкеткен.

Полиция қызметкерлері ұрланған затты тәркілеп, иесіне қайтарды.

Аталған факті бойынша сот алды тергеу жұмысы жүріп жатыр. Ұсталған әйелдің бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталуда.

Осы орайда Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті тұрғындарға қырағы болып, бағалы заттарын қараусыз қалдырмауын сұрайды.

Айта кетейік, бұған дейін Сарыағашта ішінде бірнеше миллион теңге мен бағалы алтын бұйымдар бар сейф ұрланғаны туралы хабарлаған едік.

Қазіргі таңда аталған іске қатысы бар күдіктілер ұсталған, олардың осы тектес өзге де қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1922191-elordada-qolarbany-qoldy-qylgan-turgynnyn-areketi-askere-boldy/