Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды: Алматы полициясы тұрғындарға ескерту жасады

Опубликовано:

телефон
Көрнекі фото: pixabay.com

Алматы полициясы әлеуметтік желі арқылы жүзеге асырылатын алаяқтықтың жаңа түрі туралы ескертті деп хабарлайды Polisia.kz.

Порталдың мәліметінше, алаяқтықтың жаңа әдісі Instagram арқылы жүзеге асады.

Алматы қаласы полиция департаменті бастығының орынбасары Рүстем Әбдірахмановтің мәліметінше, алаяқтар адамды жазылушылар санына қарай таңдайды. Оқырманы көп адамды тапқаннан кейін Instagram парақшаның жалған емес екенін білдіретін "көк белгі" берілгені туралы смс-хабарлама жібереді.

"Сіз Instagram-ыңыздың құпия сөзін енгізу үшін сілтемеге өтуіңіз керек болады. Құпия сөзді енгізу арқылы сіз автоматты түрде өтініміңіз қабылданғаны және үш күн ішінде қаралатындығы туралы жазылған парақшаға өтесіз.

Бірнеше сағаттан кейін өзіңіздің парақшаңызға кіру мүмкіндігінен мүлдем айырыласыз. Осыдан кейін сізге ұялы телефоныңызға немесе ватсапқа парақшаңыздың бұзылғандығы туралы және белгілі мөлшерде 200-1000 АҚШ долларын төлеу керек деген хабарлама келе бастайды", – дейді Рүстем Әбдірахманов.

Осы тізбекті қолдану арқылы интернеттегі алаяқтық фактісі бойынша тек соңғы бірнеше күнде алты адам полицияға шағым түсірген.

"Мұнда азаматтар қабылдауы қажет ақпараттық қауіпсіздік шаралары маңызды. Сізден әрдайым осындай хабарламаларға күмәнмен, сын көзбен қарауыңызды сұраймыз. Біз тұрғындарды сақ болуға және қырағылық танытуға шақырамыз", – дейді Рүстем Әбдірахманов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1922247-alayaqtyqtyn-zana-turi-paida-boldy-almaty-policiyasy-turgyndarga-eskertu-zasady/

pixel