Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызылорда облысы бірінші жартыжылдықты табысты түйіндеді

Опубликовано:

Қызылорда облысының әкімдігі
Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

Сыр өңірі ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығын жоғары көрсеткіштермен қорытындылап отыр. Статистикалық мәліметтерге сәйкес облыстың экономикасы мен бірқатар маңызды салаларының даму динамикасында өсу тенденциялары байқалады.

Әлеуметтік әлеуеті артып, экономикалық тұрғыда тұрақтылық қалыптасқан өңірдің өнеркәсіп кәсіпорындарында ағымдағы жылы 344,7 млрд.теңгенің өнімін өндіріліп, өңдеу өнеркәсібінде өсім 14,6 пайызға жеткен.

6 ай мерзімде өңірге 104,7 млрд. теңге инвестиция тартылып, 25,7 млрд. қаржыға құрылыс жұмыстары жүргізілді. Қарқынды құрылыс жұмыстарының нәтижесінде 297,5 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл өткен жылдың есептік мерзімімен салыстырғанда 105,3% көрсетіп отыр.

Қызылорда облысының әкімдігі
Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

Облыста индустрияландыру бағдарламасы арқылы да бірқатар ауқымды жобалар жыл көлемінде жүзеге асады деп жоспарлануда. Олардың алғашқысы «Orda Glass ltd» ЖШС еншісіндегі «Табақша шыны шығару және өңдеу зауытының құрылысы». «Қармақшы құс» ЖШС - да жылына 1500 тонна құс етін өндіру жобасын биыл жүзеге асатын бастамалардың қатарына кіргізіп отыр. «Аралтұз» АҚ-ның «Ас тұзын өндіру», «Qazaq Qamel» ЖШС-нің «Түйе сүтінен құрғақ ұнтақ шығару өндірісі» де жыл жоспарына енген жобалар қатарында.

Қызылорда облысының әкімдігі
Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

Жалпы құны 48,5 млрд.теңгені құрайтын бұл жобалар іске асқанда өңірде жаңадан 506 жұмыс орны құрылады деп жоспарлануда. Жалпы аймақта жыл басынан бері 16 мың 464 жаңа жұмыс орны құрылып, оның ішінде 6 мың 328 тұрақты жұмыс орны қалыптасқан.

Саладағы қиындықтарға қарамастан ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі де 28,5 млрд. теңгені құрады. Есепті кезеңде тірі салмақта 17,4 мың тонна мал және құс еті, 40,9 мың тонна сүт, 3,2 млн.дана жұмыртқа өндірілді.

Қызылорда облысының әкімдігі
Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

Қызылордалықтардың орташа айлық жалақысы да жоғарылаған. Мәселен соңғы мәліметтерге сәйкес бір қызметкердің орташа айлық жалақысы 194 мың 678 теңгеге жетіп, 2020 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 117,4% құраған.

Қызылорда облысының әкімдігі
Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1922264-qyzylorda-oblysy-birinsi-zartyzyldyqty-tabysty-tuiindedi/

pixel