Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Коронавирусқа қарсы вакцина алған блогердің тікелей эфирде көз жұмғаны рас па

Опубликовано:

Екпе
Көрнекі фото: pixabay.com

Әлеуметтік желілерде Тайландта тікелей эфирде қайтыс болған Instagram блогерінің өлімі туралы жаңалық тарады. Кейбір желі қолданушыларының жазуынша, ол COVID-19-ға қарсы вакцина салдырған, сәйкесінше оның өліміне нақ осы препарат себеп болған. Алайда Stopfake.kz мұның жалған ақпарат екенін хабарлады.

Басылымның жзауынша, Мисс Пимпорн атымен белгілі блогер осы жылдың 26 мамырында тамақ пісіру бойынша онлайн-сабақ кезінде көз жұмған.

Желіде тараған видеоның алғашқы минуттарында ол күліп, оқырмандарымен амандасқан, содан кейін кенеттен үндемей қалып, жерге құлаған. Кадрдан күйеуінің жүгіріп келіп, оны құтқаруға тырысқаны көрсетілген.

Кейін баспасөз мәслихаты өтіп, марқұмның туыстары мен достары оқырмандардан видеоны өз пайдасына пайдаланбай, өшіріп тастауларын сұраған.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, блогер жүрек ұстамасынан қайтыс болған.

Фейк
Фото: stopfake.kz

Еске сала кетсек, бұған дейін Қазнет қолданушылары арасында COVID-19 пандемиясы Жер халқы айтарлықтай азайғанша бірінен соң бірі болатын көптеген індеттің біріншісі ғана деген ақпарат тарағанын жазған едік.

Осы орайда stopfake.kz сайты белгілі бір әлемдік үкімет Жер халқының басым бөлігін жоюға тырысуда деген тұжырым дәлелденбегенін ескертеді. Мұндай үкіметтің де, қатерлі жоспарлардың да бар екендігіне ешқандай дәлелдер жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1922333-koronavirusqa-qarsy-vakcina-algan-blogerdin-tikelei-efirde-koz-zumgany-ras-pa/

pixel