RU

"Азықты картоннан дайындайды": Маңғыстаулық фермерлер мал қырылмас үшін қалай күн көріп отыр

апа
Фото: instagram.com/azamat_sarsenbayev

Маңғыстаулық блогер Азамат Сәрсенбаев шаруа қожалары малдарын аман алып қалу үшін не істеп жатқанын көрсетті деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Азамат Сәрсенбаевтың Instagram парақшасында Ақтау қаласынан 350 шақырым жерде орналасқан Ақшымырау ауылын көрсеткен.

"Жергілікті фермердің әйелі қойларға азықты картоннан дайындайды (жемді үнемдеу үшін шағын қожалықтар картонды суға батырады, біраздан кейін жұмсақ картонды кебекпен және қалдықтармен араластырады)", - деп жазды Сәрсенбаев.

Сонымен бірге блогер әр күн сайын таңғы 7-де ауыл тұрғындарының малы суатқа келетінін хабарлады. Суатта бірнеше ұңғыма мен құдық бар.

"Қазіргі уақытта далада ыстықтың және азық-түліктің жетіспеуіне байланысты ұсақ мал өсірушілер суару кезінде малды қосымша азықпен қоректендіреді. Әдетте жануарлар суатқа тойып келетіндіктен мұны жасамайды", - дейді ол.

Одан бөлек, Азамат Сәрсенбаев Шетпе ауылына барар жолда қойларына жем әкетіп бара жатқан көлікті көрсеткен. Оның сөзінше, газельде 300 қап кебек бар, әр қап 18 келі шығады. Бір қаптың бағасы 1650 теңге.

"Нәтижесінде тасымалдау шығындарын ескере отырып, бұл жем-шөптер Маңғыстау облысы ауылдарының шалғай бұрыштарына бір қап үшін 1800-1900 теңгеден жеткізілетін болады", - дейді блогер.

Еске сала кетсек, бұған дейін әлеуметтік желіде картон жеп жақтан түйелердің видеосы пайда болғанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1922354-mangystaudagy-fermerler-mal-qyrylmas-usin-qalai-zan-bagyp-otyrganyn-korsetti/