RU

Біртанов өзіне санавиациямен ұшуға премьер-министрдің рұқсат бергенін мәлімдеді

Елжан Біртанов
Елжан Біртанов. Фото: Орталық коммуникациялар қызметі

Бүгін бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановты үйқамақта ұстау мерзімі аяқталады. Елордада өтіп жатқан сот отырысында прокурор Біртановты үйқамақта ұстау мерзімін 14 қыркүйекке дейін ұзартуды сұрады деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Айта кетсек, бұған дейін Біртанов ісі бойынша тергеудің аяқталғаны, тергеушілер бюджет қаражатын жымқыру нұсқасын алып тастап, ДСМ ақпараттандыру платформасын құрастыру мен санитарлық авиация бортын пайдалану кезінде өкілеттігін асыра пайдаланды деген нұсқаны ғана қалдырған.

Біртанов санитарлық авиция тікұшағын өткен жылы пайдаланған. Ол тікұшақтың көмегімен Жамбыл облысына барып, үкімет мүшелерімен іссапарда болып, Нұр-Сұлтанға кері қайтқан. Осы кезде Біртанов өзін коронавирус жұқтырып алдым деп күдіктенген.

"Жамбыл облысына келгеннен кейін менде расыменде коронавирусқа ұқсас белгілер пайда болды. Бас ауруы, дене қызуы және тағы басқа. Мен негізгі делегациядан бөлініп, премьер-министрге ескерттім. Қонақ үйге барып, тест тапсырдым. Бірінші тесттің нәтижесі оң болғанымен күмәнді болды. Мен қайтадан тест жасауды өтіндім. (...)
Менде осындай жағдай болғанын және қауіп бар екенін, соған байланысты мен сапарды жұмыс бағдарламасын жалғастырудан бас тартуға мәжбүр екенімді және санитарлық авиация көмегімен Нұр-Сұлтанға оралып, қайта тест тапсыратыным туралы ақпарат бердім. Мен өзімнің басшым - премьер-министрдің келісімін алдым", - дейді Біртанов.

Оның сөзінше, экс-шенеунік тікұшаққа отырып, Нұр-Сұлтанға келіп, тағы да тест тапсырып, жұмысқа барған.

"Тергеудің айтуынша, тест нәтижесі теріс болған және мен санитарлық авиация бортын саналы түрде қолданып, өз пайдам үшін мұны бәрінен жасырғам. Мұның не пайдасы бар? Нұр-Сұлтанға оралып, ем қабылдау ма? Мен науқас екеніме сенімді болмадым, бірақ менің жұмыс уақытым болғандықтан, қайтқым келді. Бұл шаралар өте қажетті болды. Менің басшылық штабына, жұмысқа қайтуым керек еді", - деді Біртанов.

Ол Қазақстанда басқа да санитарлық авиация бортын пайдалану жағдайлары болғанын айта кетті.

"Мен тест нәтижем теріс не оң екеніне сенімді болмадым. Сол себепті мен тәуекелге бардым, өйткені коронавируспен күресу үшін санитарлық авиацияны пайдалану да осы ережелерден тыс қолданылғанын білдім - бұл шешімдер ВАК жетекші мүшелерімен, атап айтқанда, вице-премьермен және премьер-министрмен келісілді.
Тек менің жағдайымда ғана емес. Ештең ұшпай, шешім қабылдау керек болғандықтан санитарлық авиация өкілдері өңірлерге ұшты. Комиссия дәрі-дәрмек тасымалдады, Уханьнан студенттерді жеткізді. Мұның бәрі менің жағдайымдағы секілді басшылықпен келісілді. Мен премьер-министрге ақпарат бердім, содан кейін ғана осындай тасымалды ұйымдастыруды өтіндім", - деді Біртанов.

Елжан Біртановтың үйқамақта ұстау мерзімін ұзарту қарастырылатын сот отырысы түстен кейін жалғасады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1922361-birtanov-ozine-sanaviaciyamen-usuga-premer-ministrdin-ruqsat-bergenin-malimdedi/