Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жұт келді": Қазақстандық блогер ЛГБТ жалауы мен танымал ойыншықтарды өртеді (видео)

Опубликовано:

Блогер
Видеодан кадр: Instagram/merei_zholshi

Қазақстандық блогер, экс-қалаулымдық Мерей Жолшы ЛГБТ жалауын өртеп, оның видеосын желіде жүктеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Мерей Жолшы көптің талқысына түскен видеоны Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында жариялады.

Кадрдан отандық блогердің тек жалауды ғана емес, балаларға арналған ойыншық – попитті де өртегенін байқау қиын емес.

"Лұт қауымымен жұт келді! Ер мен ердің, әйел мен әйелдің жұп болуы кез келген дінде жек көрілген амал. Аллаһтың лағынетіне ұшырағандарға біздің текті елде орын болмауы қажет. Себебі, қазақтың мықтылығы - тектілігінде", - деді ол.

Видеоға аз ғана уақыттың ішінде 65 мыңға жуық оқырман "лайк" басқан.

Одан бөлек, төрт жүз мыңға жуық қаралым жинап үлгерді.

Роликтің астындағы 15 мыңдай пікірлерден көпшіліктің пікірі екіге бөлінгенін аңғаруға болады.

Бірінші тарап Мерей Жолшыны қолдап "Дұрыс", "Сізді қолдаймыз", "Жарайсың", "Азаматсың", "Елімізде ЛГБТ-ға жол жоқ", "Ризамын", "Ерлік жасадың" деген пікірлерін аяған жоқ.

Ал екіншілер жалауды өртегеннен ештеңе өзгермейтінін сөз еткен.

Арасында попит ойыншықтың бұған не қатысы бар екенін түсінбегендер де табылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1922369-zut-keldi-qazaqstandyq-bloger-lgbt-zalauy-men-tanymal-oiynsyqtardy-ortedi-video/

pixel