Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Оралда мұғалім жалған вакцина паспортын жасатты деп айыпталып отыр

Опубликовано:

Вакцинация паспорты
Фото: mgorod.kz

Оралда мұғалім коронавирусқа қарсы вакцинаны растайтын төлқұжатты қолдан жасатты деген күдікке ілінді деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Батыс Қазақстан облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратынша, облыс орталығы мектептерінің бірінде жұмыс істейтін 37 жастағы мұғалім маусымның 5-15 аралығында COVID-19 вирусына қарсы вакцина туралы жалған паспорт жасатқан, деп хабарлайды "Мой город" басылымы.

"Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 385-бабымен (құжаттарды жалған жасату, дайындау немесе сату) сот алдындағы тергеп-тексеру жұмыстары басталды", – деп баяндады полиция.

Бұл ретте тәртіп сақшылары жалған құжатқа дәрігерлердің қатысының бар-жоғын нақтылаған жоқ.

Еске сала кетейік, Алматыда ПТР-тест нәтижесі мен вакцинация төлқұжатын қолдан жасаған үш медициналық мекеменің қызметкерлері ұсталды.

Медициналық орталықтағы зертхана қызметкері екі мейірбикенің көмегімен ақша үшін биоматериал алмай-ақ, ПТР-тесттің теріс нәтижесін жасап берген.

Кейінірек бұрын алаяқтық үшін жауапқа тартылған екінші бір медициналық орталықтың дәрігер-эндоскописі ұсталған. Жеке тінту кезінде ПТР-тест нәтижелері, ақша тәркіленген.

Оған қоса, ағымдағы жылғы маусым айында полиция бөлімшесіне жергілікті медициналық мекеменің басшысына қатысты арыз түскені белгілі болған еді.

Онда аталған мекеменің медициналық қызметкері "Вакцинация" ақпараттық жүйесіне вакцинациядан өткендегі туралы жалған мәлімет енгізгені айтылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1922374-oralda-mugalim-zalgan-vakcina-pasportyn-zasatty-dep-aiyptalyp-otyr/

pixel