RU

Біртановты үйқамақта ұстау мерзімі тағы екі айға ұзартылды

Фото
Кадр: zakon.kz

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановты үйқамақта ұстау мерзімін ұзарту туралы өтініш қарастырылды. Сот аталған істің тергеу қорытындысымен танысқанша экс-министрді үйде тағы екі ай қамауда ұстау туралы шешім қабылдады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Сот прокурордың қылмыстық іс материалдарымен танысу кезеңінде 2 ай бойы күдікті Біртановты үй қамауында ұстауға санкция беру туралы өтінішін қанағаттандырды.

Осылайша, Біртанов үйқамақта отыру мерзімі 14 қыркүйекке дейін ұзартылды.

Бұдан әрі материалдармен танысқаннан кейін іс бойынша сот талқылауы басталады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1922413-birtanovty-uiqamaqta-ustau-merzimi-tagy-eki-aiga-uzartyldy/