Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Дәрігерлерге жөргекпен жүруге тура келген": Шәріптің ісі бойынша сотта жаңа дерек айтылды

Опубликовано:

дәрігерлер
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Нұр-Сұлтанда "СҚ-Фармацияның" бұрынғы басшысы Берік Шәріптің ісі бойынша сот отырысы жалғасуда. Сотта сарапшы ретінде аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығының қызметкері сөйледі.

Атышулы іс бойынша жаңа деректерді "Хабар 24" телеарнасы жария етті.

Телеарнаның мәліметінше, орталық қызметкері Райхан Мұсағалиева пандемия кезінде Алматыда дәрігерлердің жаппай коронавирус жұқтыруына жеке қорғаныш заттарының жетіспеушілігі себеп деп атады.

Мұсағалиеваның сөзінше, ақ халаттылардың жаппай коронавирус жұқтыруынан кейін жүргізілген зерттеу нәтижесінде жеке қорғаныш құралдарының тапшы болғаны расталған.

Оның айтуынша, пандемия кезінде дәрігерлерлерге міндетті үш костюм берілудің орнына толық емес бір ғана костюм берілген.

Райхан Мұсағалиева бірреттік киімді ауыстыру үшін дәрігерлердің жөргекпен жүруіне тура келгенін хабарлады. Телеарнаның мәліметінше, қазақстандық дәрігерлер обаға қарсы киімді жыртылғанша киген.

Естеріңізге сала кетейік, СҚ-Фармацияның" бұрынғы басшысы Берік Шәріп 2020 жылдың тамызында қамауға алынды.

Берік Шәріпке қатысты іс қылмыстық кодекстің 361-бабының 4-бөлігінің 3-тармағы "Лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдаланудың ауыр салдарға алып келуі", сондай-ақ 287-баптың 2-бөлімі "Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру" бойынша қаралып жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1922424-darigerlerge-zorgekpen-zuruge-tura-kelgen-sariptin-isi-boiynsa-sotta-zana-derek-aityldy/

pixel