RU

Ақтөбеде атасы мен немересі жол апатынан қайтыс болды

Көлік
Фото: Ақтөбе облысы ПД

Ақтөбеде көлік аударылып, атасы мен немересі көз жұмды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Басылымның мәліметінше, облыстық маңызы бар "Покровка-Жаңажол" автожолының 30-шақырымында ВАЗ-2114" маркалы көлік аударылған.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан автокөліктің 62 жастағы жүргізушісі мен оның 15 жастағы немересі алған жарақатынан оқиға орнында қайтыс болған.

"Ал 18 жастағы немересі Кеңқияқ кентіндегі ауруханаға жатқызылды",- деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматыда екі адамның өліміне себепкер болған 18 жастағы "Land Cruіser" жүргізушісі ұсталғанын жазған едік.

Жол апаты 6 шілде күні сағат 00:10 шамасында болған.

Алматы-Жандосов-Бесмойнақ тас жолының шығыс бағытында "Toyota Land Cruiser" автокөлігінің 18 жастағы жүргізушісі рульге ие бола алмай, қарсы жолаққа шығып кетіп, "Тoyota Avensis" көлігімен соқтығысты.

Салдарынан "Toyota Avensis" автокөлігінің жүргізушісі мен оның 26 жастағы жолаушысы алған жарақаттарынан сол жерде көз жұмды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1922430-aqtobede-atasy-men-nemeresi-zol-apatynan-qaitys-boldy/