Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Экология министрі фермерлерді сумен қамту мәселесі қалай шешіліп жатқанын айтты

Опубликовано:

су
Көрнекі фото: Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев қазақстандық фермерлерді сумен қамтамасыз етудің бірнеше жолын ұсынды деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Фермерлерді сумен қамтамасыз ету мақсатында біз келесі жұмыстарды жүргіземіз. Біріншіден, көрші елдермен қарым-қатынас. Сырдария өзені бойынша біз Қырғыз елімен қосымша су ағызу туралы келісімге келдік. Вегетация шыңында (маусым-тамыз) Тоқтоғұл су қоймасынан қосымша 330 миллион текше метр су қоры болады. Дәл осындай су көлемін Өзбекстан аумағы арқылы өткізу туралы да уағдаластыққа қол жеткізілді. Сондай-ақ, тәжік және өзбек тараптарымен бірлесіп, биыл 16 маусымда «Бахри Точик» су қоймасының жұмыс режимін келісу бойынша маусым-тамыз кезеңіне арналған жұмыс кеңесінің хаттамасына қол қойылды», - деді М. Мырзағалиев.

Министрдің айтуынша, бүгінде коллекторлық-дренаждық суларды қайта пайдалану тәжірибесі қайта қолға алынды. Сол секілді арналарды механикалық тазарту жұмыстары жүргізіліп, егінді суарудың кестесі әзірленді.

«Жеке тоқталсақ, Жайық өзені бойынша осы жылдың маусым айында Орынбор қаласында Су шаруашылығы ұйымдарының кездесуі өтті. Онда Жайық өзені бассейніндегі су шаруашылығы жағдайы талқыланды. Кездесу қорытындысы бойынша алдағы жаз-күз мезгіліне арналған Ириклин су қоймасының жұмыс режимі бекітілді. Одан бөлек, биыл ақпан-наурыз айларында біз ауыл шаруашылығы министрлігімен өңірлерге барып жиналыстар өткіздік. Қалыптасып отырған су шаруашылығы жағдайын талқылап, суды көп қажет ететін дақылдардың егістігін азайтуды ұсындық», - дейді ол.

Бұған дейін Экология министрі еліміздегі су ресурсы қоры туралы мәліметпен бөліскен болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1922443-ekologiya-ministri-fermerlerdi-sumen-qamtu-maselesi-qalai-sesilip-zatqanyn-aitty/

pixel