RU

Жүкті екенін білмей вакцина салдырған әйелдер не істеуі керек: Маман жауап берді

Фото
Көрнекі фото: NUR.KZ

Денсаулық сақтау министрлігінің мамандары коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші бөлігін салдырғаннан кейін жүкті екенін білген әйелдерге әрі қарай не істеу қажет екенін айтты деп хабаилайды Sputnik Қазақстан.

"Вакцина алғаннан кейін жүкті екенін білсе, ештеңе жасаудың қажеті жоқ. Себебі қазір дүние жүзінде жүкті әйелдерге коронавирусқа қарсы вакцина жүргізу қарастырылып жатыр. (...) Жүкті әйел екі жағдайда коронавирусқа қарсы вакцина алуы мүмкін. Біріншісі – жүкті екенін білмей вакцина алу.
Оның әсер ететіне қатысты дәлел жоқ, сондықтан қорықпай, ештеңе істеудің қажеті жоқ. Екінші жолы – кей әйел жүкті болса да аурудың алдын аламын деп, вакцина салдыруы мүмкін", - дейді санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы филиалы директорының орынбасары Манар Смағұл.

Маманның сөзінше, болашақта жүкті әйелдерге вакцина салуға қатысты ғылыми деректер пайда болған жағдайда Қазақстанда да бұл мәселе қарастырылуы мүмкін.

Сонымен қатар инфекциялық ауруларды эпидемиологиялық қадағалау басқармасының басшысы Роза Қожапова екпе жасау пунктерінде "Спутник V", "QazVac" вакцинасының жеткілікті екенін айтты. Шілденің соңында "QazVac" вакцинасы республика бойынша екпе пункттеріне жеткізіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1922455-zukti-ekenin-bilmei-vakcina-saldyrgan-aielder-ne-isteui-kerek-maman-zauap-berdi/