Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Оралда фитнес залы мен үй кинотеатры бар мәйітхана салынады

Опубликовано:

Мәйітхана
Көрнекі фото: svidok.info

Оралда фитнес залы мен үй кинотеатры бар мәйітхананың құрылысына қатысты әкімдік түсінік берді. Билік өкілдері жобаның тиісті талаптарға сәйкес дайындалғанын айтады деп хабарлайды Хабар 24.

«Егер ол жабдықтар мен кабинеттер қарастырылмаса, құжат мемлекеттік сараптамадан өтпейді», - дейді шенеуніктер.

Облыстық құрылыс басқармасы құны бір миллиард теңгеден асатын мәйітхана құрылысына тендер жариялаған болатын. Конкурс жеңімпазы анықталып та үлгерген. Мердігер алдағы 11 ай ішінде құрылысты аяқтауы қажет. Әзірге қазынадан қаражат бөлінбеген.

“Психо-эмоционалдық жеңілдету, оқытушының кабинеттері және мемлекеттік тілде оқыту кабинеті, фитнес зал сол ережелерге сәйкес жасалынды. Аталған кабинеттер 8 сағаттық жұмыстан кейін патологоанатомдық бюро қызметкерлерінің психологиялық жеңілдеу мүмкіндігіне ие болуы үшін көзделіп жасалған жоба.

Сондай-ақ үй кинотеатры деп отыр“, - деді облыстық  құрылыс басқармасы басшысының орынбасары Нұркен Молдашев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1922457-oralda-fitnes-zaly-men-ui-kinoteatry-bar-maiitxana-salynady/

pixel