Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа қатысты жаңа болжамын жариялады

Опубликовано:

дәрігерлер74
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Денсаулық сақтау министрлігі елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты болжамын жаңартты. Бұл туралы ведомство басшысы Алексей Цой өзінің Facebook-тағы парақшасында хабарлады.

Министрдің сөзінше, жаңа болжам елімізде "дельта" штамының тез таралуын және вакцинация қарқынын ескере отырып жасалған.

"Сонымен пессимистік сценарий бойынша, 2021 жылдың шілде-қыркүйек айларында тіркелген жағдайлар саны шамамен 400 мың адамға жетуі мүмкін (орташа есеппен тәулігіне 6 мыңнан аса адам. Шарықтау шегі тамыз).

Реалистік сценарий бойынша, 2021 жылдың шілде-қыркүйек айларында тіркелген жағдайлар саны шамамен 355 мың адамға жетуі ықтимал (ортша есеппен тәулігіне 5,3 мың адамнан асады. Шарықтау шегі тамыз).

Ал, оптимистік сценарий бойынша, 2021 жылдың шілде-қыркүйек айларында тіркелген жағдайлар саны шамамен 330 мың адамды құрайды (ортша есеппен тәулігіне 5,3 мың жағдай. Шарықтау шегі тамыз)", - дейді Алексей Цой.

Айта кетсек, өткен тәулікте елімізде 4375 адамнан коронавирус анықталып, 53 адам індеттен көз жұмған еді.

Бүгін коронавирус инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия өлім-жітім жоғары 4 өңірде карантин шараларын күшейту туралы шешім қабылдады.

Олар: Нұр-Сұлтан, Шымкент қалалары мен Қарағанды және Атырау облыстары. Бұл өңірлер коронавирустың таралу көрсеткіші бойынша "қызыл аймақта" тұр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1922459-densaulyq-saqtau-ministrligi-koronavirusqa-qatysty-zana-bolzamyn-zariyalady/

pixel