Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтанда Құрбан айтқа байланысты жаңа шектеу шаралары енгізілді

Опубликовано:

Құрбан айт
Көрнекі фото: Sputnik / Абзал Қалиев

Нұр-Сұлтан қаласының бас санитарлық дәрігері Сархат Бейсенованың Құрбан айт мерекесіне байланысты жаңа қаулысы шықты. Құжат қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің сайтында жарияланды.

Жаңа қаулыға сәйкес, Құрбан айт мерекесіне арналған бұқаралық іс-шараларды өткізуге және қатысуға, оның ішінде үйде де өткізуге тыйым салынады.

Мешіттер аумағында ашық ауада өткізілетін іс-шараларды қоса алғанда, бұқаралық іс-шараларды, оның ішінде "Айт намазы" ұжымдық намазын өткізуге тыйым салынады.

Құрбандық шалу рәсімін онлайн режимде (qurban2021.kz сайты арқылы) күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, адамдардың жаппай жиналуын болдырмай, міндетті түрде бетперде тағу мен әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, арнайы бөлінген орындарда (сою пункттерінде) ұйымдастыру және өткізу қажет.

Қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

Айта кетейік, бұған дейін Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов қаладағы күрделі эпидемиологиялық жағдайға байланысты тұрғындар мен қонақтарға үндеу жасаған еді.

Оның сөзінше, инфекция жұқтырғандар санының өсуіне байланысты елордадағы медициналық мекемелер бірінен соң бірін ковидтік ауруханаға айналып жатыр.

Осы орайда Нұр-Сұлтан әкімі халықты адам көп жиналатын орындарға бармауға шақырып, бөтен адамдармен, көпшілікпен қарым-қатынасты, сол сияқты қонаққа баруды тоқтату қажет екенін баса айтты.

"Қазір әлеуметтік және азаматтық жауапкершілік танытатын уақыт", - дейді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1922466-nur-sultanda-qurban-aitqa-bailanysty-zana-sekteu-saralary-engizildi/

pixel