Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Оралда жалған вакцина паспортын жасаған мұғалім істі болды

Опубликовано:

Құжаттар
Көрнекі фото: pexels.com

Оралда мектеп мұғалімі короновирусқа қарсы екпе алғаны туралы құжатты қолдан жасады деген күдікпен істі болды деп хабарлайды Астана телеарнасы.

Батыс Қазақстан облыстық полиция департаменті ұсынған ақпаратқа сәйкес, күдікті қала мектептерінің бірінде қызмет атқарады.

Оқытушының вакцина паспортын қалай жасағаны және өзге сыбайластарының бар-жоғы әзірге беймәлім, дейді тәртіп сақшылары.

Қазіргі уақытта тергеу жұмыстарының жүріп жатқаны белгілі болды. Күдіктіге қатысты Қылмыстық іс қозғалған.

Өңірдің полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекші маманы аталған жағдай Батыс Қазақстан облысында бірінші рет орын алғанын атап өтті.

"Қазіргі таңда барлық мән-жай анықталуда. Сәйкес сараптамалар тағайындалды. Қылмыстық кодекстің 385-бабы 3-бөлігіне сәйкес, тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде", - деді Батыс Қазақстан облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекші маманы Мөлдір Садырғалиева.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1922477-oralda-zalgan-vakcina-pasportyn-zasagan-mugalim-isti-boldy/

pixel