RU

Ақтау тұрғыны полиция қызметкерін тістеп, погондарын жыртып тастады

Кадр
Көрнекі фото: zakon.kz

Ақтау тұрғыны полиция қызметкерін тістеп, погондарын жыртып тастады деп хабарлайды Lada.kz.

Оқиға 8 шілдеде болған. 17:30-да Ақтауда тәртіп сақшыларына жергілікті тұрғынның бұрынғы күйеуіне қатысты арызы түскен.

Ер адамды полиция бөліміне алып барған уақытта ол алдымен құқық қорғау саласы маманының қолынан тістеп, погондарын жыртып, дене жарақатын салған.

Аталған факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 380 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

"Құрметті азаматтар! Ішкі істер саласының қызметкерлеріне олардың қызметтік міндеттерін орындауға қарсылық көрсеткен тұрғындарға жауапкершілік қарастырылғанын еске салғымыз келеді. Мемлекеттік қызметкерге тіл тигізгені және билік өкіліне күш қолданғаны үшін жауапкершілік Қылмыстық кодекстің 378 және 380-баптарында қарастырылған", - деп ескерту жасады өңірдің полиция департаменті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1922502-aqtau-turgyny-policiya-qyzmetkerin-tistep-pogondaryn-zyrtyp-tastady/