RU

Министрлік: Коронавирусқа шалдыққан мыңға жуық адамның жағдайы ауыр

Аурухана төсегі
Көрнекі фото: Thomas Lohnes/Getty Images

Елімізде коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 2021 жылғы 15 шілдедегі мәлімет жарияланды деп жазады Хабар 24.

15 шілдедегі мәлімет бойынша 47 828 адам коронавирус инфекциясынан (46 306 КВИ+ және 1 522 КВИ-) емделуде, олардың ішінде:

- 15 280 пациент стационарда,

- 32 548 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

- 919 адамның жағдайы ауыр,

- 212 пациенттің жағдайы өте ауыр,

- 126 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1922514-elde-koronavirusqa-saldyqqan-mynga-zuyq-adamnyn-zagdaiy-auyr/