Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Балалардың көзінше пышақтаған": Теміртауда сөзге келген жігіттер бір-біріне пышақ ала жүгірді (видео)

Опубликовано:

Фото
Фото: pixabay.com

Теміртауда тапа-тал түсте жергілікті тұрғындар арасында төбелес болып, жанжал соңы кісі өлімімен аяқталды деп жазады Azattyq Rýhy.

Тапа-тал түсте төбелес шығарған жігіттердің әрекеті бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Видеода екі азаматтың төбелесіп жатқанын, кейін оларға тағы бірнеше адам келіп қосылғанын анық көруге болады.

Сондай-ақ онда төбелесіп жатқандардың бірінің ер адамды бірнеше рет қолымен сілтеп қалғаны байқалады. Полицейлер дәл осы ер адам азаматты пышақтады деп болжап отыр.

Кейін белгілі болғандай төбелескен жігіттер оқиға болған жердің маңында орналасқан көліктеріне отырып, тез арада іздерін суытқан.

Өкініштісі қанды оқиғаның барлығы екі жасөспірімнің көзінше болған. Олардың бірі пышақталған ер адамның маңына барып, көмек бермекші болған.

Аталған оқыс оқиға әлеуметтік желіге тарап кеткен. Басылымның мәліметінше Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаны зерттеп, оған қатысты мәлімдеме жасаған. Ведомствоның хабарлауынша, төбелеске қатысқан азаматтардың бүгінде кім екені анықталған.

"Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиға қатысушылардың барлығының кім екені анықталды. Қазіргі таңда тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Оқиғаға қатысты өзге мағлұматтарды ҚР ҚПК 201 бабына сәйкес, жариялай алмаймыз",-деп мәлімдеді ведомствоның баспасөз қызметінде.

Сонымен бірге жарақаттанған ер адамның қайтыс болғаны белгілі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1922537-balalardyn-kozinse-pysaqtagan-temirtauda-sozge-kelgen-zigitter-bir-birine-pysaq-ala-zugirdi-video/

pixel