RU

Павлодарда Lexus көлігін ұрлап, мініп кеткен ер адам жол апатына түсті (фото, видео)

Көлік апаты
Фото: NUR.KZ

7 шілде күні Павлодар қаласының маңындағы Ленин ауылында Lexus көлігі ұрланып, кейін ұрланған көлік аударылып қалған. Оқиғаның мән-жайын көліктің иесі айтып берді хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Рината Валиахметова көлік жүргізуді үйреніп, болашақта жүргізуші куәлігін алу мақсатында 2020 жылы Lexus көлігін сатып алған. Қазіргі уақытта оның аяғы ауыр, сондықтан көлігін ағасы уақытша айдап жүр.

Оқиға болатын күні ағасы Лениндегі дүкенге небәрі екі минутқа кіріп шыққан. Осы кезде автотұрақта белгісіз ер адам пайда болған.

Рината Валиахметова
Рината Валиахметова. Фото: NUR.KZ

"Ағам жанындағы досымен дүкенге кірген. Содан дүкен иесі әлдекімнің көлікті ұрлап бара жатқанын байқаған. Ағам телефонмен сөйлесіп жатқанда, дүкенші мен ағамның досы көліктің соңынан қуған. Олар: "Тоқта!", деп те айқалаған", – дейді 7 шілдедегі оқиғаны баяндаған Рината Валиахметова.

Оның айтуынша, көлік ұрлаған ер адам – психикалық-неврологиялық диспансерде есепте тұрады. Бұл ақпаратты дәрігерлер де растаған.

Ринатаның сөзінше, көлікті қалпына келтіру мүмкін емес. Ұрлаған ер адам онымен екі рет аударылған. Шығын көлемі шамамен 3 миллион теңгені құрайды.

Көлік апаты
Фото: NUR.KZ

"Учаскелік полиция қызметкері оның психикасында ауытқу бар екенін айтты. Көршілері де оны ауруханадан 3-і күні шыққанын жеткізді", – дейі Рината.

Ал полиция автокөлікті заңсыз иемдену фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып жатқанын мәлім етті. Бұл бап бойынша 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Көлік апаты
Фото: NUR.KZ

"Күдікті анықталды, жол-көлік оқиғасы салдарынан алған жарақаттарына байланысты ауруханаға жатқызылды, оның ақыл-есінің дұрыс екендігі туралы мәселе сот-медициналық сараптамасының нәтижесі бойынша қаралатын болады.

Материалдық шығынды өтеу туралы арызды қылмыстық тергеу шеңберінде де, бірден сотқа да жіберуге болады", – дейді Павлодар қаласы полиция басқармасының солтүстік полиция бөлімі тергеу бөлімшесінің бастығы Данияр Халемов.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы көлікпен аударылған адамның нейрохирургия бөлімінде емделіп жатқанын атап өтті. Оның жағдайы орташа ауыр деп бағалануда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1922557-pavlodarda-lexus-koligin-urlap-minip-ketken-zigit-zol-apatyna-tusti-foto-video/