Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Гаити президентінің өліміне күдіктілер саны 23-ке жетті

Опубликовано:

Моиз
Фото: Twitter / Tariq Nashee

Гаитидің құқық қорғау органдары Facebook желісінде ел президентінің өліміне қатысы болуы мүмкін тағы бірнеше күдіктінің ұсталғанын хабарлады.

Осылайша, Гаити президенті Жовенель Моиздың өліміне қатысы болуы мүмкін адамдардың саны 23-ке жетті. Бұл туралы істі тергеуші Ұлттық полиция әлеуметтік желіде хабарлады.

Құқық қорғау органдарының хабарламасында екі адамның ұсталғаны атап өтілген. Олардың үйіне тінту жүргізу кезінде сегіз винтовка, үш автомат, бес бытыралы мылтық, үш граната және басқа да қару-жарақ табылған.

Еске салсақ, бұған дейін 7 шілдеде белгісіз біреулер Гаити президенті Жовенель Моиздің резиденциясына шабуыл жасағанын жазған едік. Мемлекет басшысы алған жарақатынан қайтыс болды. Ол 53 жаста еді.

Моиз резиденциясына сейсенбіден сәрсенбіге қараған түні белгісіз адамдар тобы шабуыл жасаған. Олардың кейбірі испан тілінде сөйлеген.

Сонымен бірге, Моиздің өліміне қатысты ұсталған күдіктілер президентке не себепті шабуыл жасағандарын түсіндіріп берген болатын.

Ұсталғандардың арасында Джеймс Солаж және Жозеф Венсан есімді екі америкалық азамат болған. Олардың айтуынша, шабуыл жасау барысында президентті өлтіру жоспарда болмаған.

"Жалданған азаматтардың мақсаты президент Моизді өлтіру емес, оны тергеу судьясының санкциясы бойынша тұтқындау болды", - дейді судья Клеман Ноэль.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1922570-gaiti-prezidentinin-olimine-kudiktiler-sany-23-ke-zetti/

pixel