Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"ҚТЖ-ның" лауазымды қызметкері 5 млн теңге пара алды деген күдікпен ұсталды

Опубликовано:

Қаражат
Көрнекі сурет: NUR.KZ / Петр Карандашов

"Қазақстан темiр жолы" АҚ бөлімшелерінің бірінің жоғары лауазымды қызметкері пара алды деген күдікпен ұсталды. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік Telegram арнасында хабарлады.

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Бас көлік прокуратурасымен бірлесіп жүргізген іс - шаралардың нәтижесінде "ҚТЖ" ҰК" АҚ – "Магистральдық желі дирекциясы" филиалының Жол және құрылыстар департаментінің директорын ұстады", - делінген хабарламада.

Ведомствоның мәліметінше, ол ұзақ уақыт бойы қызмет барысында жалпы қамқорлық көрсеткені үшін аймақтық бөлімшелердің басшыларынан жүйелі негізде ақшалай қаражат алып келген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік жалпы 5 млн теңгеден астам қаражат алынғанын хабарлады.

Сот санкциясымен күдікті қамауға алынған. Оған қатысты соңғы шешімді сот қабылдайды.

"Тергеу мүддесіне сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді", - дейді ведомство.

Еске сала кетейік, бұған дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің басшысы Марат Ахметжанов коронавирустың өршуі кезінде медициналық құрал-жабдықтарды сатып алу және үстемақы бөлу барысында жымқыру және жағдайды теріс пайдалану фактілері анықталғанын мәлім еткен болатын.

Одан бөлек, Ахметжанов вакцинация паспортын сатқан медицина қызметкерлерінің ұсталғаны туралы айтқан еді.

Оның дерегінше, Нұр-Сұлтан қаласында сондай-ақ, Ақмола және Алматы облыстарында медицина қызметкерлері ұсталған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1922623-qtz-nyn-lauazymdy-qyzmetkeri-5-mln-tenge-para-aldy-degen-kudikpen-ustaldy/

pixel